Print previewPrint

Қазақстан-Израиль: ынтымақтастық жалғасады

11/30/2017

Израиль Мемлекетінде Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 8-ші отырысы өтті

 

Қазақстан тарапынан комиссияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов, ал израиль тарапынан – Израиль мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим істері мен диаспорасы министрі Зеэв Элькин басқарды.

Комиссия отырысының шеңберінде ауыл шаруашылық, денсаулық сақтау, энергетика мен су ресурстары, технологиялық инновация мен индустриаландыру, қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан мен Израильдің екіжақты ынтымақтастығының, сондай-ақ басқа сауда- экономикалық ынтымақтастықтың өзекті және перспективалы бағыттары талқыланды.

Израиль нарығына қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау, Қазақстанда демонстрациялық ферманы салу бойынша біріккен консорциумды, біріккен клиниканы және биотехнологиялық кластерді, сондай-ақ Қазақстанда дәрі-дәрмектерді және медициналық құрал-жабдықтарды шығару бойынша біріккен өндірісті құру саласында ынтымақтастықты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов іссапар барысында Израиль Қаржы министрі Моше Кахлонмен Қосарланған салық салуды болдырмау конвенциясын жасасу сұрағы бойынша кездесті. Бақыт Сұлтанов аз құрамда Израиль мемлекетінің Қоршаған ортаны қорғау және Иерусалим істері мен диаспорасы министрі Зеэв Элькинмен ҮАК шеңберінде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Б.Т. Сұлтанов «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ өкілдерімен бірге VLX (Van Leer Xenia) Ventures инкубатор өкілдерімен инновациялық экожүйені дамыту саласында ынтымақтастықты дамыту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бизнес-инкубаторлар жүйесін құруда израил тәжірибесін талдау мақсатында кездесті.

Сондай-ақ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ өкілдерімен бірге Бақыт Сұлтанов агроөнеркәсіптік комплекстер саласында ауылшаруашылық жобаларды қаржыландыру үшін істегі тікелей инвестициялар қорына Қазақстанда қазақстандық және израильдік компаниялармен құрылған израиль компанияларын соинвесторлар ретінде израиль компанияларын тарту сұрағын LR Group компанияның басшыларынмен талқылады.