Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Qarjy" құрамасы «Қаржы жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қолдауымен Нұр Сұлтан қаласында жыл сайын өтетін «QQC: TÚNGІ FÝTZAL LIGASY 2020» қысқы кубогына қатысады.

2/7/2020

Жарыс мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері арасында өткізіледі.

Жақсы спорттық дайындық және жеңіске деген ұмтылыс "Qarjy" командасының чемпионатта жақсы нәтиже көрсетуіне сеп болды. Министрліктің намысын қорғайтын команда ойыншылары белсенді және әр ойында кәсіби шеберлік көрсетуге барын салды. Qarjy командасының басты мақсаты - «QQC: TÚNGІ FÝTZAL LIGASY 2020» Қысқы Кубогының иегері болу!

 

«Qarjy» командасы жыл сайынғы «QQC: TÚNGI FÝTZAL LIGASY 2020» Кубогына қатысуға шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіреді және бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауда сәттілік тілейді.