Print previewPrint

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүлікті бағалау қызметі саласындағы жұмыс тобының отырысы өтті

3/3/2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - ЕЭК) Министрі Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен 2020 жылғы 2 наурызда бейнеконференцбайланыс режимінде Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының құзыретті органдарының, сондай - ақ бизнес қоғамдастықтардың өкілдерімен мүлікті бағалау бойынша қызметтер секторы бойынша ырықтандыру жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) орындау үшін мүлікті бағалау бойынша қызметтер саласындағы жұмыс тобының кеңесі өткізілді.

Қазақстан Республикасы тарапынан кеңеске Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, Қазақстан Республикасы Сауда және Интеграция Министрлігі, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өзін-өзі реттеу ұйымдарының бағалаушылар өкілдері қатысты.

ҚР ҚМ жоспарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүлікті бағалау бойынша қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру
үшін құзыретті органдардың әкімшілік ынтымақтастығының тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүлікті бағалау бойынша қызметтер әкімшілік ынтымақтастық туралы Келісім жобасын
(бұдан әрі - Келісім жобасы) әзірлеуге және келісуге қатысады.

Келісім жобасы құзыретті органдар арасында ақпараттық алмасуды, қызмет көрсетушілердің тұтынушылардың, нарықтың адал субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ қоғамдық (мемлекеттік) мүдделерді бұзуының алдын алу тетігін құруды көздейді.

Сондай-ақ, мүлікті бағалау бойынша қызметтер саласындағы жұмыс тобының мүшелері бірыңғай қызметтер нарығының жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін реттеу мақсатында ЕАЭО мүше-мемлекеттердің заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу үшін нормалар әзірлейді.

Осыған байланысты, мүлікті бағалау жөніндегі қызметтер саласындағы жұмыс тобының кеңесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері ұсынылған нормаларды жария талқылауды ескере отырып, бағалау қызметі саласындағы заңнаманы өзгерту жөніндегі нақты мерзімдерді белгілеу қажеттілігі туралы ұстаным білдірді.

Сонымен бірге, Жоспардың 27-тармағына сәйкес көрсетілген салада бірыңғай қызмет көрсету нарығының жұмыс істей бастауы 2021 жылдың
1 қаңтарынан кешіктірмей көзделген.

Мүлікті бағалау бойынша қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуі бойынша блок-схемамен және басқа құжаттармен Еуразиялық экономикалық комиссияның www.eurasiancommission.org. сайтында танысуға болады.