Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне барды

8/9/2017

Аралау барысында Қаржы министрлігінің басшысы Қазақстанның, Монаканың, Германияның ұлттық павильондарын аралап, жаңартылған энергия саласындағы жаңа инновациялық әзірлемелермен танысты.

Бақыт Сұлтанов сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.


Кездесу барысында қаржы министрі ЭКСПО әр түрлі елдердің бизнес өкілдерінің қарым-қатынасы, біздің республикамыздың инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу, сондай-ақ «жасыл жобаларды» жобалау мен қаржыландыру бөлігінде тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң болып табылатынын атап өтті.
Ахметжан Есімов Халықаралық мамандандырылған көрме Астананың экономикалық белсенділігіне оң әсерін тигізгенін министрге айтты. «Тұрғын үйлерді пайдалануға беру - 33%-ға, тауар айналымы - 20%-ға өсті, сауда ойын-сауық орталықтарына бару екі есеге ұлғайды» – деп А.Есімов ақпаратпен бөлісті.
 Сонымен қатар ол, ҚР ішкі және сыртқы туризм саласында оң өзгерістер бар екенін де айтып өтті.
«ЭКСПО алаңында талқылау үшін маңызды тақырып – «жасыл» технология саласында жобаларды іске асыратын бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау» - деп айтты Сұлтанов. Бүгінде Қазақстан – Дуин Бизнес рейтингі бойынша ТМД арасындағы көшбасшы ел. Біз еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту, оның ішінде шетелдік инвесторлар үшін ең жайлы жағдай жасау үшін тұрақты жұмыс жасаймыз.
Сондықтан ЭКСПО бұл туристер үшін қызықты және әр түрлі елдердегі бизнесмендер үшін нәтижелі алаң.

 

 

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі