Print previewPrint

Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындары, моншалар мен хауыздар кірістер 2,5 есеге төмендетіп көрсеткен

10/21/2019

Мегаполисте тамақ және ойын-сауық саласындағы жалпы сомасы 6,7 млрд.тенгені құрайтын кірістерін жасыру фактілері анықталған.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде хабарлағандай, тәуекел аймағына түскен салық төлеушілерге қатысты камералық мониторинг басталды. Өздерін адал төлеуші ретінде көрсеткен кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тексеру шаралары жоспарланбаған.

Бюджет алдындағы міндеттемелерін орындамағандарға және салық төлеуден жалтарып жүргендерге, сондай-ақ тәуекелді салық төлеушілерге қатысты мамандар камералық мониторинг пен хронометрлік бақылау жүргізеді.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 219 салық төлеушілеріне ұйғарым қалыптастырылып, оның ішінде 34 салық төлеуші бойынша тамақтану объектілері, моншалар мен сауналар, қонақ үй кешені бойынша хронометрлік бақылау жүргізілуде. Алдын ала нәтижелер бойынша салық төлейшілердің кірістері 12,1 млрд. теңгені құрады, ал хронометрлік бақылауға дейін салық төлеушілер небары 5,4 млрд. теңгені көрсеткен, яғни 6,7 млрд.теңгеге өсуі, сонымен қатар жұмысшылар саны мен жалақы қоры 1154 қызметкерден 1550 қызметкерге дейін өсті, және де 242,6 млн. теңге мөлшерінде салық есептілігінің қосымша нысандары тапсырылды.

Тәжірибе көрсеткендей, тәуекел тобына кірістер мен қызметкерлер санының азаю фактілері бойынша салық есептілігі деректерін талдау негізінде анықталған салық төлеушілер кіреді. Салық төлеушілердің бұзушылықтары: кірістерді бірнеше рет азайтуы, шот-фактураларсыз алкогольдік ішімдіктерді сату және сақтау фактілері бар, фискалдық мәліметтерді жасыру арқылы кассалық тәртіпті бұзу, яғни сатып алушыларға фискалдық чектердің орнына R-Keeper жүйесінің түбіртерін беру.

«R-Keeper» арқылы өткен түбіртектер фискалдық емес және кассалық машинадан өтпейді, осылайша кірістер бюджетке түспейтінін айта кету керек.

Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті - бизнесті көлеңкеден шығару және кәсіпкерлерді өз еркімен салық төлеуге тарту.

Осыған байланысты, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алматы қаласының кәсіпкерлерін, тұрғындарын салықты уақтылы және толық көлемде төлеу бойынша міндеттемелерін орындауға шақырады.