Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдерінің Moody's рейтингтік агенттігі және JP Morgan инвесторларының өкілдерімен кездесуі

4/6/2017

Қазақстан Республикасы Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдерінің Moody's рейтингтік агенттігі және JP Morgan инвесторларының өкілдерімен кездесуі

Баспасөз релиз

 

А.ж. 5 сәуірінде Moodys халықаралық рейтингтік агенттігі сарапшылары мен JP Morgan инвесторлардың елдің тәуелсіз несиелік рейтингін бағалау аясында Қазақстанға кезекті сапары өтті.

Рейтингті бағалау жүйесіне әлеуметтік, қаржылық салалардағы көрсеткіштер, сондай-ақ экономикалық салаларды дамытуды сипаттайтын көрсеткіштер кіреді.

Қазақстан Республикасынының несиелік рейтингін қолдап, көтеру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минисрлігімен бірлесіп Moody's және JP Morgan өкілдерімен кездесуі өткізілді. Республикадағы қаржылық, экономикалық және қарыздық ахуалы қаралды.

Кездесу барысында Қаржы министрі Б. Сұлтанов: «25 жыл ішінде біз өте көп маңызды реформаларды өткізсек те, біздің еліміз қазір әлі де түбегейлі өзгеру фазасында. Біз әлемдік экономиканың трендтерін ұстануға тырысамыз, өйткені жаңа экономикалық дағдарыстарда өзгермеу – мүмкін емес» - деп атап кетті.