Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Лондон ситидің Лорд мэрі Эндрю Пармлимен кездесті

7/10/2017

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Лондон ситидің Лорд мэрі Эндрю Пармлимен кездесті

 

2017 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың Лондон ситидің Лорд мэрі Эндрю Пармли бастаған бизнес делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қаржы қызметі, банк секторы салаларының, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің ағымдағы жағдайы және экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары мәселелері талқыланды.

Тараптар одан әрі жемісті екіжақты ынтымақтастыққа үмітін білдірді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі