Print previewPrint

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі қағидалары мен мінез – құлық стандарттары туралы Қаржы министрлігінің қызметкерлеріне әңгімелеп берді

11/9/2017

Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмагамбетов мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары туралы ведомство қызметкерлеріне ақпарат берді.

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі қағидалары) 2016 жылғы қаңтарда күшіне енгенін естеріңізге сала кетейік. Онда мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу айқындалды.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп жөніндегі уәкілі атап өткендей, мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметшілердің қызметі БАҚ-та, саясаттанушылардың, қоғам қайраткерлерінің және т.б. жиі талқылау арқауы болып табылады.

«Біз әрқашан бұны есте сақтауға тиістіміз және мұндай жағдайлар үшін іс-қимылдар мен себептерге жол бермеуге тиіспіз», - деді Төлеген Ташмагамбетов.

Ол «Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілге және басқа да тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүріне құрметпен қарау тиіс екенін» әріптестерінің есіне салды. Олар сондай-ақ мемлекеттік саясат пен қызметтік жұмыс мәселелері жөнінде, егер ол мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе; жаңартылуына рұқсат берілмейтін қызметтік ақпаратты ашатын болса; мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздер қамтыса өз пікірін жарияламаған жөн.

Мемлекеттік қызметшілер міндеттемелерінің санына сондай-ақ тұрақты біліктілікті арттыру өз қызметтік міндеттерін тиімді орындау, қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау,  адал, өз қызметтік міндеттерін әділ және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану жатады.

Басшының қарамағындағы адамдармен қатынастары туралы айтатын болсақ Әдеп жөніндегі уәкіл меритократия қағидаттарын сақтау туралы еске салды, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік белгілері және жеке басына берілу бойынша басымдық жасамау, адал болу және олардың қызметі нәтижелерін бағалау кезінде объективті болу, сондай-ақ көтермелеулер мен жазалар шараларын қолдану және т.б. айтып өтті.

Қызметшілердің абыройы мен қадыр – қасиетіне кір келтіретін және кез  келген кемсіту нысандарын болдырмау басшыға байланысты. Сондай – ақ, басшы қызметтік емес сипаттығы мәселелерді шешу үшін қызметтік жағдайын пайдалануына; заңға қайшы қылықтар жасауды мәжбүрлеуге, сондай-ақ, жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келмейтін қылықтар жасауға; қоластындағы қызметкерлерге дөрекілік көрсетуге, олардың ар-намысын қорлауға тыйым салынады.

Т.Ташмагамбетов сондай-ақ әріптестеріне қызметтен тыс уақытта, әлеуметтік желілерде, қоғамдық жерлерде мінез-құлық нормаларын сақтауларын еске салды.