Print previewPrint

«Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық: кең таралған тәсілдер» тақырыбында семинар өткізілді

9/14/2017

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық: кең таралған тәсілдер» тақырыбында облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік сатып алу басқармасы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы жауапты тұлғаларының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарда Департамент қызметкерлері 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар, облыстың мекемелері  мен ұйымдарында анықталған  аудиторлық іс-шаралар мен камералдық бақылау нәтижелері бойынша ақпараттар туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, мемсатып алу саласындағы бұзушылықтардың негізгі себептерін талқылады.