Print previewPrint

ҚР Парламентінің Сенатында 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы таныстырылымға Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың баяндамасы Астана, Парламент Сенаты, 2017 жылғы 14 ақпан

2/14/2017

2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы

 

Құрметті төрағалық етуші!

Құрметті депутаттар!

 

Сіздердің қарауларыңызға «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ұсынылып отыр.

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің дамуының 5 басымдығы айтылды. Олар экономиканың орта әлемдіктен жоғары өсу қарқынын және 30 ең бай елдің қатарына Қазақстанның тұрақты жылжуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға арналған ресурстар мыналар:

1) макроэкономикалық болжамды сомасы 553,7 млрд. теңгеге түзету нәтижесінде республикалық бюджет кірістерінің қосымша түсімдері (трансферттерді есептемегенде) болып табылады, бұл туралы Ұлттық экономика министрі айтып өтті;

 Анықтама ретінде:

2017 жылы кірістер (трансферттерді есептемегенде) 4 891,9 млрд. теңге көлемінде бағаланады, бұл жоспарланған бюджеттен 553,7 млрд. теңгеге көп.

Салықтық түсімдер бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің ұлғаю жағына қарай өзгеруі және мұнайдың бір тоннасы үшін экспорттық кедендік баж мөлшерлемесінің 35-тен 50 АҚШ долларына дейін өзгеруі есебінен 556,7 млрд. теңге сомасына ұлғаю бағаланады.

Теңгенің АҚШ долларына шаққанда бағамының 360 теңгеден 330 теңгеге дейін төмендеуіне байланысты салықтық емес түсімдердің және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің 13 млрд. теңгеге азаюы да болжанып отыр.

Фактор бойынша толық талдау көрсетілген.

2) Ұлттық қордан сомасы 1 092,9 млрд. теңге қосымша нысаналы трансферт тарту;

3) бюджет тапшылығын сомасы 969,8 млрд.теңгеге ұлғайту. Ол сомасы 158,4 млрд.теңге 2016 жылдың бос қалдықтарын қамтиды.

2017 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 11 176,4 млрд. теңге көлемінде бағаланады, ол бекітілген жоспардан 2 615,1 млрд. теңгеге көп.

Шығыстардың көрсетілген өсімінің шамамен 95%-і жалпы сомасы 2 435,0 млрд. теңгеге 5 басымдық бойынша Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға бағытталды.

Бірінші және екінші басымдықтар мемлекеттік органдардың экономиканы жеделдетіп технологиялық жаңғыртуға және бизнес ортаны жақсартуға бағытталған бірқатар бастамалары арқылы іске асырылатын болады. Бұған жалпы шамамен 231 млрд.теңге бағытталады.

Ғылыми және инновациялық әлеуетті дамыту Назарбаев Университеті мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің қазіргі Жоғары оқу орнының материалдық базасында да, сол сияқты бірқатар бағдарламаларды қосымша қаржыландыру есебінен де жүзеге асырылатын болады.

Атап айтқанда ғылыми жобаларды коммерцияландыруға 6 млрд. теңге бағытталады.

Аграрлық сектордағы ғылыми жобаларды қаржыландыруды жалғастыру үшін қосымша 1,7 млрд.теңге бөлу ұсынылады.

Инновациялық технологиялар паркінің базасындағы индустрия 4.0 саласындағы өнеркәсіпті цифрландыруға  және ақылды қала индустриясына жауап беретін «Ақылды технологиялар» орталығын құруға сомасы 1,8 млрд.теңге бөлінеді.

Экономиканың жаңа драйвері ретінде аграрлық секторды дамытуға қосымша 60 млрд. теңгеден астам көзделетін болады. Бұл шығыстар мыналарға бағытталады:

1) инвестициялық субсидиялар бойынша міндеттемелерді орындауға сомасы 33,7 млрд. теңге. Бұл 2 101 шағын және орта бизнес субъектісін қамтиды. Олардың ауыл шаруашылығына салатын инвестициялар көлемі қазірдің өзінде 190,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте 5 804 жұмыс орны ашылды, ал ауыл шаруашылығы техникасы паркі 1 184 бірлікке жаңартылатын болады.

2) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы кооперативтер мен олардың мүшелерінің жобаларын қаржыландыру бойынша іс-шараларды іске асыруға - 15 млрд. теңге бағыттау ұсынылады. Осы қаражат есебінен сүт қабылдау пункттерінің желісін кредиттеу және отбасылық сүт-тауар фермаларын қолдау, жеміс-жидек өсіру шаруашылығын дамыту мен  бордақылау алаңдарын қаржыландыру жалғасатын болады. Нәтижеде дерлік 49 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін өндіру қамтамасыз етіледі және шамамен 14 мың адам жұмыспен қамтылады.

Ауыл шаруашылығын дамыту жеткілікті су ресурстарымен қамтамасыз етілуі тиіс болғандықтан нақтыланған бюджет жобасына сумен жабдықтау жүйелері мен гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялауға сомасы 9,3 млрд. теңге қосымша шығыстарды енгізу ұсынылады.

Елдің көлік және транзиттік әлеуетін дамытуына қосымша 127,2 млрд. теңге бағыттау ұсынылады, одан:

- 72,2 млрд. теңгесі - республикалық және жергілікті маңызы жолдарды дамытуға;

- 48,0 млрд. теңгесі Құрық портында паром кешенін салуға жіберіледі.

Тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары «Нұрлы жер» атты жаңа бағдарлама арқылы іске асырылатын болады.

Бағдарлама бойынша негізгі қаржы ағындары 2018 жылдан басталады, ал нақтыланып отырған бюджет шеңберінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына тұрғын үй сатып алуға қарыз беру үшін 8 млрд. теңге қарастырылады.

Минералдық-шикізат базасын кеңейту және геологиялық барлауды жандандыру үшін қосымша 1,7 млрд. теңге көзделді. Осы бағыт бойынша ұлғаюды ескере отырып, жалпы қаржыландыру 10 млрд. теңгені құрайды.

Үшінші басымдықты іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Үкімет банк секторын сауықтыру жөнінде шаралар әзірледі.

Бұл ақша-кредит саясатының ынталандыру рөлін қалпына келтіруге және елдің қаржы секторын «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді.

 «Адами капитал сапасын жақсарту» төртінші басымдығын іске асыру үш негізгі бағыттар: білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау бойынша жүзеге асырылатын болады. Қосымша 86,2 млрд. теңге бөлінеді.

Осылай, білім беру саласына қосымша 20,4 млрд. теңге бөлу ұсынылды.

Аталған шығыстар шеңберінде келесі бағыттар іске асырылатын болады:

- Білім берудің мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу;

- «Тегін кәсіптік-техникалық білім баршаға» жобасын табысты іске асыру;

- басқа іс-шаралар.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 2016 жылғы 15 желтоқсандағы Мемлекет басшысының өз жолдауында айтқан тапсырмаларды іске асыруда нақтыланған бюджет жобасы 81,6 млрд.теңгені, оның ішінде:

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион алушы үшін зейнетақы мөлшерін 2016 жыл деңгейіне қарағанда 20%-ке дейін көтеруге;

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туылуы бойынша біржолғы жәрдемақы  мөлшерін 20%-ға көтеруге бағытталатын болады. Төлемдердің осы түрі шамамен 400 мың балаға жұмсалады деп күтілуде.

Бесінші басымдық бойынша қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Осы мақсаттарға 23,9 млрд. теңгені бағыттау мынадай бағыттар бойынша:

- діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге – 17,4 млрд. теңге;

- қылмыстылықтың аса көбейіп кетуімен күреске – 7,4 млрд. теңге;

- діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуге – 242,9 млн. теңге ұсынылады.

Бесінші басымдықта айтылған, оның ішінде институционалдық қайта құрылымдарды іске асыру Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылатын болады. Осыған нақтыланған бюджет жобасында қосымша 1,1 млрд. теңге көзделген.

***

Құрметті депутаттар, өткізіп отырған бюджетті нақтылау шеңберінде басталған жобалар қатарын іске асыруды жалғастыру ұсынылады. Бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін, энергетикалық кешенді дамытуға қатысты. Мұндай қосымша шаралардың жалпы сомасы 163,8 млрд. теңгені құрайды.

Бұдан басқа, нақтылау шеңберінде мыналар ескерілген:

1) мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру (Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Энергетика министрлігі) Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес («Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығы);

2) республикалық бюджет бойынша 2016 жылғы бюджет қаражатының қалдықтарын республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша толық пайдалануға аудару (1,5 млрд. теңге) және 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілген пайдаланылмаған 9,1 млрд. теңге қаражатты қайтару.

Нәтижеде, 2017 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет параметрлері:

Түсімдер – 9 628,5 млрд. теңге, бұл бекітілген жоспардан (7 983,2 млрд. теңге) 1 645,3 млрд. теңгеге көп.

Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт бұдан бұрын Ұлттық қорды басқару кеңесі мақұлдаған сомасы 441,6 млрд. теңге көлемнен 1 092,9 млрд. теңгеге ұлғайып, 2017 жылы 1 534,6 млрд. теңгені құрайды;

Шығыстар – 11 176,4 млрд. теңгені;

Тапшылық – 1 547,9 млрд. теңге немесе  969,8 млрд. теңгеге өсіп, жалпы ішкі өнімге 3,1%-ті құрады.

Болжамды есептеулер мыналарды көрсетеді (қоса берілген):

1) үкіметтік борыш көлемі 2020 жылы шамамен 11,9 трлн. теңгені немесе Жалпы ішкі өнімнің 20,6%-ін құрайды. Ағымдағы кезеңмен салыстырғанда (2017 жылдың басы) алдағы 3 жылдағы борыш 1,3 есе өседі;

2) республикалық бюджет кірістерінің өсу қарқыны үкіметтік борышқа қызмет көрсету шығындарының өсу қарқынынан қалып қойып отыр. Мұндай ахуал борышты басқару кезінде жағымсыз деп есептеледі.

Осылайша, ықтимал тәуекелдерді болдырмау үшін бюджеттің кіріс базасын ұлғайту және шығыстарды қысқарту ықтималы бойын  ша шаралар қабылдай отырып, 2018-2019 жылдары бюджет саясатын түзету қажет болады.

 

Құрметті депутаттар!

Бюджетті нақтылаудың негізгі бағыттары осындай.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған іс-шараларды уақтылы іске асыру және қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.

Назарларыңыз үшін рахмет!