Print previewPrint

Квазимемлекеттік сектор субъектілердің сатып алуын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы

4/18/2017

Квазимемлекеттік сектор субъектілердің сатып алуын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы

Қаржы министрлігінде Квазимемлекеттік сектор субъектілердің сатып алуын реттеу мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді.

         Әзірленетін заң жобасы квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сатып алуды өткізу бойынша тәсілдерді түбегейлі қайта қарауды көздейді, бұл Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес келеді, онда негізігі мәселелердің бірі болып сатып алу саласын жетілдіру белгіленді және квазимемлекеттік секторда табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану саласында сатып алуды өткізудің тәсілдерін түбегейлі қайта қарау тапсырылды.

Жұмыс тобы ҚҰ Үкіметінің тапсырмасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде осындай ұйымдарға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын сатып алуын заңнамалық реттеу мәселелерін пысықтау мақсатында құрылған.

         Жұмыс тобының құрамына мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдардың («Атамекен» ҰКП, «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ») өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары А.Т. Перуашев, Ш.У. Нурумов, Ш.Х. Хахазов, Е.С.Никитинская енгізілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілердің сатып алуы тиесілігіне байланысты әртүрлі нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және АҚ, ЖШС-дің сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен реттеледі.

Ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 «Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысымен реттеледі.

«Самрұқ-Қазына» Қорының компаниялар тобының сатып алулары «Самрұқ-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 126 шешімімен бекітілген Қағидалармен реттеледі.

Осылайша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірдей табиғатына қарамастан (ұйымдастырушылық-құқықтық форма) олардың сатып алуын реттеу тәсілдері әртүрлі.

Осыған орай сатып алуды жүргізудің бірыңғай тәсілдерін және принциптерін белгілеу мақсатында заң жобасымен:

1) квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілері үшін сатып алудың бірыңғай қағидаларын белгілеуді;

2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуын бақылау жөніндегі уәкілетті органды айқындауды;

3) квазимемлекеттік сектордағы сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуді;

4) сатып алуға бірыңғай қолжетімдік көзін пайдалану мүмкіндігін қарай отырып, квазимемлекеттік сектордың барлық сатып алуын электрондық форматқа ауыстыруды;

5) сатып алу қызметіне байланысты оларға квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін жатқызу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері ортасын кеңейтуді көздейтін негізгі тәсілдер ұсынылады.

Аталған шараларквазимемлекеттік субъектілерімен сатып алуды жүзеге асыру барысында бірыңғай тәсілдерді (қағидаларды) пайдалануды бұләлеуетті өнім берушілер үшін процесті жеңілдетуді, сыбайлас жемқорлықтың азаюына бағытталған сатып алуды тек қана электронды форматта жүргізуді, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінеқатысатын квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтуді қамтамасыз етеді.