Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Швейцарияның Қаржы министрі Ули Маурермен кездесті

7/11/2017

Баспасөз релизі: ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Швейцарияның Қаржы министрі Ули Маурермен кездесті

 

 Бүгін 2017 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың Швейцария Конфедерациясының Қаржы министрі Ули Маурермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында экономикалық блокта, қаржы секторында және «Бір белдеу – бір жол» бастамасында, сондай-ақ Халықаралық валюталық қордың және Дүниежүзілік Банктің қызметі шеңберінде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Швейцариялық тарап сол сияқты Қазақстаннның серпінді дамуын атап өтті және реформаларды іске асырудағы оның тәжірибесін зерделеуге мүдделілік білдірді.

Кездесуді аяқтай отырып, Тараптар екі ел арасында барлық деңгейдегі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі