Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі – Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның тең төрағасы Б.Т. Сұлтановтың басшылығымен қазақстандық делегация Израиль Мемлекетінде болып қайтты

3/10/2017

2017 жылғы 8-10 наурыз аралығында дейін қазақстандық делегацияның Израиль Мемлекетіне жұмыс сапары өтті.

Делегацияны Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтанов басқарып барды. Оның  құрамына министр Б.Б Атамқұлов басқарған Қорғаныс және аэроғарыш және қорғаныс министрліктерінің және т.б. ұйымдардың өкілдерінен тұратын үлкен топ кірді, олар топ Израильдің өнеркәсіптік объектілерін қарап бірқатар кездесулер өткізді.

Бұл сапардың миссиясы Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі
Б. Нетаняхудың 2016 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізген уағдаластықтарды, сондай-ақ аталған сапардың алдында өткізілген үкіметаралық комиссияның шешімдерін іске асырумен тұжырымдалады.

Өндіріс, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, қаржы, ауыл шаруашылығы салаларында израильдің мемлекеттік және бизнес-құрылымдарымен бірқатар келіссөздер өтті.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың сапар барысында Израиль Қаржы министрі Моше Кахлонмен, Израильдің Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесті.

Қазақстан-Израильдік үкіметаралық комиссиясы елдерімізде бизнесті жүргізу үшін шарттарды жасауға ықпал ететін  және Қазақстанға инвестициялар тартатын құралдардың бірі болып табылады. Осыған байланысты, бизнес қауымдастық өкілдерімен үкіметаралық комиссияның тең төрағасы ретінде Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың кездесуі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Қазақстанның Қаржы министрлігінің өкілдері Израиль Үкіметінде Меркава жобасын іске асыру мысалында жалпы сервистің мемлекеттік орталықтарын құру,  бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік активтерді, мемлекеттік сатып алуды басқару процестерін автоматтандыру тәжірибесін зерделеді.

Бұдан басқа, ақпараттық-коммуникациялық салада сарапшылар деңгейінде «Сандық Қазақстан» және «Сандық Израиль» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде өзара түсіністікке қол жеткізілді. Агротехнологиялар саласында Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары технологиялар трансферті саласында және бірлескен кәсіпорындар құру бойынша қазақстандық және израильдік аграрийлердің ортақ ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктер қарастырды. Денсаулық сақтау саласында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары біліктілікті көтеру, Қазақстанда израильдік мамандардың шебер-класстар өткізуі, қазақстандық университеттік клиникаларды израильдік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру мәселелері талқылады.

Үкіметаралық комиссияның келесі отырысын ағымдағы жылдың мамыр айында өткізу жоспарланған.

 

Анықтама ретінде: Қазақстанның Израильмен өзара тауар айналымы (ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша) 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында 301,9 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт 235,5 млн. АҚШ долларын, импорт 66,3 млн. АҚШ долларын құрады. 2015 жылдың 12 айы ішінде экспорт – 219,073 млн. АҚШ долларын, импорт – 92,034 млн. АҚШ долларын құрады.

2005 жыл мен 2016 жылдың 1-жарты жылдығы аралығында Қазақстанға Израильден тікелей инвестициялардың жалпы ағымының көлемі 213,3 млн. АҚШ долларын құрады. Инвестициялардың негізгі саласы – агроөнеркәсіп кешені, мұнайгаз секторы. 2005 жыл мен 2016 жылдың 1-жарты жылдығы аралығында Қазақстаннан Израильге тікелей инвестициялардың жалпы шығыс көлемі 13,5 млн. АҚШ долларын құрады.