Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Б.Т.Сұлтанов казақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеті қызметімен танысты

2/22/2017

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің басшылығымен делегация құрамында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Б. Қонысбаев», «Жібек-Жолы», «Қапланбек», «Қазығұрт» кеден бекеттерінің қызыметін тексерді.

Бүгінгі таңда ҚР Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспары жүктерді өңдеу уақытын қысқарту шеңберінде екі бағыт анықталған: тауарды кедендік тазалау және шекараны өту уақыты. Өткізу пунктерінің қызметімен танысуы тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыруға және Өзбекстан Республикасымен өзара тиімді сауда – экономикалық  байланысқа бағытталған.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ҚР мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекара желісінің ұзындығы 958,76 км. құрайды.

Шекара маңындағы кеден бекеттерінің тиісінше инфрақұрылымы бар және барлық заманауи электронды кедендік бақылау құрылғыларымен жабдықталған, бұл барынша қысқа мерзімде ЕАЭО кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылауға және рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Сапар барысында «Бауржана Қонысбаев» атындағы кеден бекетінің  жүріс бөлігіне көзбен шолу жасалып, оны Өзбекстан Республикасы аумағына дейін кеңейту мәселесі талқыланды.

«Б. Қонысбаев» атындағы кеден бекеті автомобиль өткізу пункті және негізгі кеден бекетінің бірі болып табылады, өйткені аталған өткізу пункті арқылы ЕАЭО кедендік шекарасына алыс шетелден (Иран, Түркия және т.б.) Қазақстан Республикасы және ЕАЭО елдері аумағы бойынша транзит арқылы тауарлар мен көлік құралдары өтеді. 2016 жылы осы кедендік шекараның бекеті арқылы  42 мыңнан астам жүк және 11 мың жеңіл көлік құралдары өткен.

Сапар барысында делегация 2009 жылы кеден бекетін реконструкциялау барысында салынған «Жібек  Жолы» кеден бекетіндегі жолаушылар терминалына барды. Замануаи терминалдардың болуы 14 мың жеке тұлғаларға дейін тәуліктік өткізу қабілетінің арттырылуына мүмкіндік берді.

2006 жылы өткізу қабілетін арттыру мақсатында реконструкцияланған «Қапланбек» кеден бекеті қызметінің аймағында кеңейтуді талап ететін Келес өзені арқылы өтетін көпір қаралды. Бүгінгі таңда, осы бекеттің 28 мыңнан астам жүк және жеңіл көлік құралдарын және шамамен 2 мыңға жуық жеке тұлғаларды өткізу қабілеті бар.

Бақыт Сұлтанов кеден бекеті басшылығымен әңгімелесуі барысында кедендік төлемдер алу мен бюджетке төленетін салықты алуды және тиімділікті арттыруға бағытталған нақты жұмысты қамтамасыз етуді, сонымен қатар кедендік салада жемқорлық фактілеріне жол бермеуді  тапсырды.

 

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі