Print previewPrint

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Ә. Смайылов XII АЭФ аясында өткен "Қазақстан: ЭЫДҰ елдік шолу" сессиясында Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастығының негізгі қорытындыларын жасады.

5/17/2019

Ә. Смайылов атап өткендей, ширек ғасыр ішінде Қазақстанда қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда айтарлықтай өзгерістер жүргізілген.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ЖІӨ 11,4-тен 162,9 млрд. АҚШ долларына өсті.

2001-2014 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы жылына орта есеппен 6-7% жоғары қарқынмен өсті. Мұнай бағасының құлдырауы және негізгі экспорттық тауарларға сұраныстың төмендеуі 2015-2016 жылдары елдің даму қарқынын баяулатты (1,1-1,2% - ға дейін). Алайда 2017 жыл ел үшін маңызды құрылымдық реформаларды жүзеге асырумен қатар макроэкономикалық жағдайды тұрақтандырумен ерекшеленді.

Ғасыр жобасы - Қашаған мұнай және газ кен орны іске қосылды, бұл әлемдік энергетика саласындағы соңғы 50 жылдағы ең орасан зор оқиға болды.

265 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар жұмыс істейді. Ең қиын жылдары Қазақстанға British Petroleum, Agip, Shell, General Motors және т. б. инвесторлар келді. Бұл әлемдік бизнестің Қазақстанға жаһандық сенімін білдіреді.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарта отырып, экономиканың құрылымы экономиканың шикізаттық емес секторларының рөлін арттыра отырып, сервистік модельге қарай көбірек өзгерді. ЖІӨ құрылымындағы қызметтер өндірісінің үлесі 2010 жылғы 51,7% - дан 2017 жылы 57,4% - ға дейін өсті.

2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бес жылдық максимумға жетті – 5,1%. 1,5 трлн. теңгеге 120 жоба енгізілді (4,1 млрд. долл.) және 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде шикізат емес тауарлардың экспорты 22% - дан астам өсті.

ДСҰ-ның 162 мүшесі бола отырып, Қазақстан сауда жүргізудің халықаралық ережелерін ұстанады. Бұл ретте Қазақстанның ЭЫДҰ елдерімен саудасы елдің жалпы тауар айналымының жартысынан астамын құрайды.

Қазақстан 1991 жылы ядролық полигоннан бас тартқан, ғаламшардың ядролық өзін-өзі жою қаупін толық жоюға қол жеткізген әлемдегі алғашқы ел болды.

2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ны басқарды. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету біздің елімізге аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға, сенімге, сабақтастыққа, ашықтық пен толеранттылыққа негізделген ұйым басшылығына жауапты тәсілді көрсетуге мүмкіндік берді.

Қазақстан ғаламшардың әр түкпіріндегі қақтығыс ошақтарын реттеу бойынша бірлескен және кешенді шаралар қабылдауға барынша жәрдемдеседі, атап айтқанда, Сириядағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер жүргізу үшін алаң құрды.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі