Print previewPrint

Ақтөбе облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қ.А.Токушевпен кездесу өткізілді

9/14/2017

Мемлекеттік қызметшілер арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп кеңесі төрағасы Қ.А.Токушевпен кездесу өткізілді.

         Шара барысында Қ.А.Токушев «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мен
әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Сондай-ақ, іс-шара барысында Департамент басшысы мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау мен анықтау мәселелеріне кеңінен тоқталып, қатысушыларға тұрғындар алдында мемлекеттік қызмет жүйесінің оң имиджін қалыптастырудың маңыздылығын басып айтты.

Кездесудің соңында қатысушылар жиынды қорытындылап, өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде, қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардағы жаңашылдықтарды толықтай қолдай отырып, жасалған мазмұнды және пайдалы түсініктеме жұмыс үшін алғыс білдірді.