Print previewPrint

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ХВҚ миссиясымен кездесті

1/27/2017

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ХВҚ миссиясымен кездесті

ҚР Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановтың ағымдағы жылғы 23-ші қаңтардан 8-ші ақпанға дейінгі кезеңде Астана қаласында болатын Халықаралық Валюталық Қордың (ХВҚ) миссиясымен кездесуі болып өтті.

ХВҚ миссиясын Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері Департаменті директорының орынбасары Марк Хортон басқарады.

Кездесу барысында ақша-несиелік, қаржылық, валюталық және салық-бюджеттік саясат мәселелерін және макроэкономикалық тұрақтылық пен өсім үшін маңызды мәні бар құрылымдық реформаларды талқылады.

Осы консультациялар ХВҚ Жарғысының IV Бабына сәйкес өткізілді.

 

 

ҚР баспасөз қызметі