Print previewPrint

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов XII АЭФ аясында "Жекешелендіру бағдарламасы: негізгі мемлекеттік компаниялар" тақырыбында жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

5/17/2019

А. Смайылов Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы туралы айтып берді және кәсіпкерлерді, инвесторлар мен шетелдік серіктестерді Қазақстанда жекешелендіру үдерісіне қатысуға шақырды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары-ҚР Қаржы министрі дөңгелек үстелге қатысушыларды жүргізіліп жатқан ауқымды жекешелендіру қорытындылары туралы қысқаша хабардар етті.

А. Смайылов сатылған нысандардың саны туралы хабарлады, оның ішінде республикалық және коммуналдық меншік ұйымдары, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың активтері, оның ішінде бизнес үшін аса тартымды 52 топ нысанды, стратегиялық инвесторларды тарту арқылы немесе IPO/SPO тетіктері арқылы қор нарығына шығару жолымен жүзеге асырылады.

Сауда-саттық рәсімдерінің тиімділігі, ашықтығы және жариялылығы мақсатында стратегиялық инвесторды тартуға мүмкіндік беретін әлеуетті сатушыларға адалдықты көздейтін заңнамадағы бірқатар жаңалықтар қабылданды.

Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында жекешелендіру рәсімін жеңілдету және жеделдету мақсатында сауда-саттық (gosreestr.kz) электрондық форматта өткізіледі.

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жекешелендіру объектілері бойынша деректер базасы құрылды.

Бұдан басқа, веб-портал тіркеуші органдардың базаларымен интеграцияланған, Аndroid, IOS және coll-орталықта мобильді қосымшалар жұмыс істейді.

Әрбір жекешелендіру объектісінің электрондық мониторингі жолға қойылған: объектіні сату алдындағы дайындаудан бастап сатып алу-сату шартын жасасуға дейінгі нақты іс-шаралар мен оларды іске асыру мерзімдерін көздейтін жол карталары әзірленді7

Ағымдағы жылы жекешелендірудің кешенді жоспарының 125 нысаны жекешелендіруге жатады. Келесі жылы-22 компания7

"Біз ынтымақтастыққа ашықпыз және кәсіпкерлерді, инвесторлар мен шетелдік серіктестерді Қазақстандағы жекешелендіру үдерісіне қатысуға шақырамыз. Жоғарыда айтылғандай, ақпарат мемлекеттік мүлік Тізілімінің gosreestr.kz веб-порталында қол жетімді, оның ішінде ағылшын тілінде", -деп отандық және шетелдік инвесторларды Ә. Смайылов шақырды.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі