Print previewPrint

Әлихан Смайылов Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті

1/15/2020

Қаржы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов пен Президенттік жастар кадр резерві қатысушыларының кездесуі өтті.

Ә.Смайылов резервистерге экономикадағы Қаржы министрлігінің ролін және ведомстваның негізгі мақсаттарын түсіндірді.

«Қаржы министрлігіне жүктелген міндет аз емес. Салықтық-кедендік әкімшілендіруден бастап бюджетті қаржыландыру, қазынашылық қызметті қамтамасыз ету, оңалту және банкроттық саланы реттеу, біріңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу, жекешелендіру мен мемлекеттік активтерді басқару, бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік аудит жүргізу, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды тергеу, мемлекеттік қарызды басқару және т.б»,- деп атап өтті Ә.Смайылов.

Мұнымен қоса, Ә.Смайылов мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, безнес процестерді жетілдірумен оларды цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.

Министр, кадр саясаты мен Президенттік жастар кадр резервінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сөз соңында, жиналғандардың сауалына жауап берген Ә.Смайылов жас мамандарға сәттілік тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің бапасөз-қызметі