Print previewPrint

Түркістан облысында "Б. Қонысбаев" және "Жібек жолы" өткізу бекеттерін қайта құру жоспарлануда»

5/17/2019

Бұл туралы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Ерұлан Жамаубаев пен Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің Түркістан облысына сапары барысында мәлімдеді.

Танысу барысында құрылыс ұйымының өкілдерімен кездесу өткізілді, «Б.Қонысбаев» өткізу пунктіндегі жоспарланған аумағының жаңғыртылатын аумағы және «Жібек жолы» өткізу пунктіне жақын жердегі жоспарланған автовокзал құрылысын қарап шықты.

«Б.Қонысбаев» өткізу пунктін жаңғырту шеңберінде өткізу пунктінің аумағы 3,6 гектардан 6 гектарға дейін кеңейтуге, автокөлік құралдарына арналған қозғалыс жолақтары 2 ден 8 жолаққа көбейту жоспрарлануда, өткізу қабілеттігі тәулігіне 120-дан 500 жүк автокөлік құралдарына жоғарылайды.

«Жібек жолы» өткізу пунктіне жақын жерде төлқұжаттық және кедендік бақылау жүргізу үшін жолаушылар терминалы бар заманауи автовокзал құрылысы жоспарлануда. Бұл өткізу пунктінің қабілеттілігін екі есеге жоғарылап, тәулігіне 50 мың жеке тұлға өткізілетін болады.

Өткізу пункттерін жаңғырту өткізу пунктінің қабілеттілігін арттыруға әсерін тигізеді, ал мемлекеттік бақылау жүргізу уақыты 25 минутқа дейін азаяды.

 

 ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі