Print previewPrint

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының Жамбыл филиалында азаматтарды қабылдауды өткізді

2/22/2017

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Тараз қаласында «Нұр Отан» партиясының Жамбыл филиалында азаматтарды қабылдауды өткізді.

Азаматтарды қабылдау «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жаһандық бәсеке қабілеттілік» Президент жолдауын Жамбыл облысының тұрғындарына түсіндіру шеңберінде өткізілді.

            Азаматтарды қабылдауды өткізу кезінде министрдің атына әртүрлі  сипаттағы мәселелер келіп түсті. Азаматтарды әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы), білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы объектілер құрылысы, жұмыссыз және жұмыспен қамтылған халыққа әлеуметтік жұмыс орындарын құру мәселелеріне қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, кіші және орта бизнеске арналған салық салу, кедендік рәсімдерді жеңілдету бөлігіндегі мемлекеттік саясат бойынша және т.б.

            Барлық өтініш білдірген азаматтарға Қаржы министрі тиісінше түсініктеме беріп, ұсынылған құжаттарды қарастырып, азаматтар айтқан ахуалды шешу бойынша одан арғы іс-әрекетті түсіндірді.

            Ол 2017 жылы 3 539,9 млрд. теңге немесе жалпы республикалық бюджеттен 41% әлеуметтік салаға келетінін айтты. 2017 жылғы шығыстардың 94% немесе 3 319 млрд. теңге ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, ал бұл жұртшылыққа медициналық көмек көрсету (емхана, станционарлық көмек және тегін дәрімен қамтамасыз ету), орташа және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен кадрларды дайындау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік нысандар құрылысы және әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады.

            Министр салық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету мен ҚР бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша үкімет жоспары туралы айтты.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов қабылдауға келген азаматтарға, Министрдің жеке өзіне қаржы министрлігінің ресми сайтындағы www.minfin.gov.kz Министрдің блогы арқылы ниет білдірген  кез-келген азамат  өтініш білдіре алатынын ескертті.

 

ҚР Қаржы министрлігі