Акционерлік қоғамдар тізімі

Акционерлік қоғамы Ақпараттық-есептеу орталығы

Show more

Ақпараттық-есептеу орталығы

Жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор болып белгіленді.

«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы

Show more

Электрондық қаржы орталығы

«Электрондық қаржы орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады, «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде келесі құжаттар негізінде құрылды:

- «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 248 қаулысы;

- «Электрондық коммерция орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 661 бұйрығы.

«Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы

Show more

Қаржы академиясы

Академия «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.08.2013 ж. № 867 қаулысына сәйкес «қаржы жүйесі органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ мен «Қаржы академиясы» АҚ-ны біріктіру жолымен құрылған.

«Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік қоғамы

Show more

Проблемалық кредиттер қоры

«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын іске асыру шеңберінде банктерге балансты жұмыс істемейтін қарыздардан тазарту процесінде жәрдем көрсету үшін 2012 жылғы 11 қаңтарда құрылды және әділет органдарында тіркелді. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесі

Show more

Байқоңырбаланс

Мекеме тарихы «Байқоңырбаланс» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 563 «Қазақстан Респуьликасы көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы №139 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғараыш агенттігінің «Бақоңырбаланс» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына беру және қайта атау туралы» Қаулысына сай, «Байқоңырбаланс» ММ Қазақстан Республикасы Ұлттық ғараыш агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағына берілді.